Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Крещение мерекесінде мұсылмандарға неге суға түсуге болмайды: дін өкілі жауап берді

«Крещение мерекесінде мұсылмандарға неге суға түсуге болмайды: дін өкілі жауап берді
Сурет: freepik.com
ҚМДБ өкілінің айтуынша, мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады

Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ өкілі жауап берді, деп хабарлайды Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Әр жыл сайын 18-ші қаңтардан 19-ына қараған түні дүниежүзінің православ христиандары Крещение мерекесін атап өтеді. Бұл дін өкілдерінің сенімі бойынша, сол күні суға түсу арқылы адам күнәсінен тазарады. ҚМДБ өкілінің айтуынша, мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады.

"Ислам дінінде біздерге Алланың елшісі Мұхамед (с.ғ.а.) бекітіп берген белгілі бір мереке күндеріміз бар. Өзге дін өкілдерінің де мерекесіне ешқандай қарсылық пен кедергі жасауымызға болмайды. Бірақ олармен бірге тойлауға рұқсат етілмейді. Өйткені пайғамбарымыз: "Кім қай қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан", - деген. Мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады", - деді ҚМДБ Жетісу облысы бойынша шәриғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қамит Табарак.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар