«Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы маңызды мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қаңтар, 2025
- 10.4k
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұдан былай марқұм күйеуі туралы ешқандай естілекпен бөліспейтінін мәлімдеді. Өйткені бұл жылды жарқын өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Екі ұлының ер жетіп қалған азамат екенін алға тартты.
«Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын, архивпен де бөліспеймін деп шештім. Әулетіміздің азаматы, жарым, балаларымның әкесінің есімі тек шаңырағындағы дастарханда ғана айтылып, еске алынғанын қалаймын. Бастысы біздің ниетіміз бен ішкі сезімдеріміз Аллаға аян. Ұлдарымды да сирек көресіздер. Себебі, екеуі ержетіп, ес жиып қалды. Жеке шекарасы, өз ойы бар азаматтар. Құндылықтары да басқа. Сондықтан, тек олардың рұқсатымен ғана», – деп жазды Л. Сұлтанқызы.
Одан бөлек Ләйлә Сұлтанқызы жеке өмірі жайында ешкімге сыр ашпайтынын және ендігіде анасымен көп уақыт өткізгісі келетінін жеткізді.
«Мәриям» қоры - әлемді мейірім құтқаратынына тағы бір дәлел. Анам - менің жүрегім. Бос уақытымның көбін Дишинкама арнаудамын. Барынша жарқын сәттер, естеліктер, фото/видео көп болса деген ойым ғана… Анам өз анасының фотосын таппай, көзі мөлдіреп, тамағына өксік тығылған талай сәт есімде. Ауыр… мен оны қайталағым келмейді. Сол үшін Дишинканы желіден жиі көресіздер. Ұнамаса, таңдау өзіңізде. Жеке өмірге келетін болсақ, жеке өмір «жеке өмір» болып қала береді. Бәрі бір Алланың қолында. Мен бұрыңғы стереотиптің адамы емеспін. Жұмыс-көп, екі қолға бір күрек. Адал ақша табуды құдайдан сұраймын, соған әрекет жасаймын. Ал ақша маған көп керек, себебі ұлдар өскен сайын хотелкалары да өсуде. Жақындарым, таныстарым жақсы біледі, дисциплинаны қатты сақтаймын. Өмірімді жұмыс, спорт, қоғамдық іс, хобби, денсаулық, отбасы болсын барынша баланста ұстауға тырысамын. Сіздерден бір сұрарым, кеудеміздегі жұдырықтай жүрегімізді негативтен аулақ ұстайықшы. Маған да жан тыныштығы керек»,– деді ол.