«Шәй дайындап жатқанда буындырып өлтірген»: ақтөбелік 11 жылға бас бостандығынан айырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қаңтар, 2025
- 2.2k
Ақтөбе облысында бұрынғы әйелін буындырып өлтірген Хайруллаев Нуржан 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
#НеМолчиKZ қорының жазуынша, Айбанудың балаларын әпкесі қамқорлығына алған. Айыпталушыны әкелік құқығынан айырған. Марқұмның әпкесі балалардың тегін ауыстырғысы келеді. Сол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына және неке тіркеу бөліміне де жүгінген. Алайда ешкім жауапкершілікке алмай жатқанын айтып, қорға хабарласқан.
«11 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда өте аз. Өзіне шай дайындап жатқан өз балаларының анасын өлтіру бұл оңбағандық. Өзі сатып жіберген ортақ пәтерді бөліспес үшін осындай қылмысқа барған. Ол балаларына қамқорлық көрсетпеген, отбасына көмектеспеген. Бірақ әдейі өлтірмегенін, денсаулыққа қасақана зиян келтру деп апелляцияға, одан кейін Жоғарғы сотқа арыз жазған», - деп жазды қор.
Балалардың тегін өзгертуге байланысты қор балалар құқығы жөніндегі уәкілі Динара Зәкиевадан отбасына көмектесуді сұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының әкімі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




