Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда оқу орталығы ата-аналардан миллиондаған теңге жинап, жоғалып кетті

Ақтауда оқу орталығы  ата-аналардан миллиондаған теңге жинап, жоғалып кетті
ДП Алматинской области
Орталық оқушыларды ҰБТ мен элиталық мектептерге дайындаған.

Ақтауда оқушылардың ата-аналары балаларын ҰБТ-ға және элиталық мектептерге дайындайтын оқу орталығының басшылығын жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көптеген ата-ана бұл орталыққа миллиондаған теңге төлеген. Алайда сабақтар күтпеген жерден тоқтап, бизнес-жобаның негізін қалаушылар жоғалып кеткен.

«Бізден жылдық оқу үшін ақша алып, басшысы жоғалып кетті. Бұл үшін кім жауап береді? Біз прокуратураға арыз жазуға келдік. Алаяқтар шетелге қашып кетпей тұрғанда, ақшамызды қайтарып беріңіздер», – дейді қала тұрғыны Салима Жауғаштықызы.

Бұл коммерциялық орталықта ҰБТ-ға дайындалатын, НЗМ мен БИЛ сияқты мектептерге түсуге ниетті, сондай-ақ ағылшын тілін меңгергісі келетін оқушылар оқыған.

Ай сайынғы оқу ақысы 55-65 мың теңгені құраған. Оқу жылының басында орталық басшылығы ата-аналарға жылдық алдын ала төлем жасаған жағдайда 20% жеңілдік беретін акция ұсынған. Ата-аналардың көбі бұл ұсынысты қабыл алған. Алайда желтоқсан айында сабақтар үзіліп, қазір мүлдем тоқтап қалған. Орталықтың орналасқан ғимаратында басқа жалға алушылар пайда болған. Ата-аналар төленген ақшаны қалай қайтарарын білмей отыр.

«Ата-аналардың арыздары бойынша оқу орталығының қызметіне құзырлы органдар мұқият тексеріс жүргізеді. Нәтижелері мен анықталған заңбұзушылықтар туралы ата-аналарға хабарлаймыз», – деп мәлімдеді Ақтау прокуратурасы бөлімінің бастығы Бағдәулет Ахметов.

Ата-аналардың айтуынша, бұл оқиғада шамамен 200 отбасы зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгені құрайды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар