Мәдениет
Қарт әкесіне ас беріп, еркелеткен Мадияр Серікбаевқа жұрт сүйсінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қаңтар, 2025
- 1.3k
“Құдай бере салған, Алла бере салған, әкетай“
“Өнер қырандары" театрының басшысы Мадияр Серікбаевқа желі қолданушылары сүйсінді. Ол қарт әкесін еркелетіп, ас берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Видеода актер отбасымен ас ішіп отырғанын байқауға болады.
“Құдай бере салған, Алла бере салған, әкетай. Шок болып отырсың ба, Зере?!", - деп әкесін еркелетеді.
Желі қолданушылары Мадияр Серікбаевтың әкесін балаларының көзінше еркелеткеніне сүйсінді.
Олар”Өлгеннен кейін жылағанша, тірі кезінде сыйла, бәрі дұрыс!", “Мадияр, Алла риза болсын! Көкем бала сияқты, мәз боп отыр", "Қандай керемет көрініс. Сізді де ұл-қыздарыңыз осылай алақанында ұстасын", деп жазды.