Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Фариза – оралшы!»: бұрынғы әйеліне қайта қосылғысы келгенін айтқан актер Нұрсұлтан Жақсыген көзіне жас алды

«Фариза – оралшы!»: бұрынғы әйеліне қайта қосылғысы келгенін айтқан актер Нұрсұлтан Жақсыген көзіне жас алды
Сурет: Видеодан скриншот
Фариза, егер мені көріп отырсаң, отбасы тек екеумізге керек екенін айтқым келеді

Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыген көпшілік алдында  әйелінен кешіріп сұрады. Ол «Menin omirim» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасына қайта қосылғысы келетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әйелімен бірге тұрғанда бақытты отбасы болған. Үйінің балаларынсыз қаңырап бос қалған. Сол себепті үлкен үйін ата-анасына тастап, өзі де пәтерге бөлек көшіп кетіпті.

"Қазір бөлек пәтерге көшіп кеттім. Үлкен үйде ата-анам ғана қалды. Арасында барып тұрамын. Ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін жарым да жоқ. Үйдің әр бұрышына қарасам, әр сәт есіме түседі. Ажырасу - кіші өлім ғой. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық дегенге келтірді", - деді ол көзіне жас алып. 

Нұрсұлтан Жақсыген бағдарлама барысмында бұрынғы әйеліне қоңырау шалды. Тұтқаны көтермеген Фаризаға жан тебіренісін жеткізді.

"Фариза, егер мені көріп отырсаң, отбасы тек екеумізге керек екенін айтқым келеді. Ер кезегі үшке дейін дейді ғой. Елдің сөзіне мән берме. Балаларымыздың бақыты үшін бірге болуымыз керек. Оралшы!", - деп сөзін аяқтады актер. 

Сондақ-ақ, актер бұрынғы жарынан және оның ата-анасы мен өзінің әке-шешесінен кешірім сұрады.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар