Қоғам
“131 356 теңге”: Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
- 1.0k
1 қаңтар бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 451 мың адамды құрайды
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 1 триллион 182,3 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, қалған 2 триллион 569,8 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бөлінген.
Ал биыл 2025 жылдың 1 қаңтар бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 451 мың адамды құрайды.
"2024 жылғы желтоқсанда орташа зейнетақының жалпы мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы 88 819 теңгені және базалық зейнетақы 42 537 теңгені қамтиды", - делінген хабарламада.