Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтаудағы ұшақ апаты: үш елде іс қозғалды

Ақтаудағы ұшақ апаты: үш елде іс қозғалды
Сурет: газета.ру
Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдер жинады

Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазақстан, Әзербайжан және Ресей үш елде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Trend.az басылымына сілтеме жасап.

"Ұшақ апатына байланысты үш елде – Ресей, Қазақстан және Әзербайжанда қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдер жинады. Олар кінәлілерді анықтау үшін біріге талдау жасайды. Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті мен Бас прокуратурасы осы бағытта тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп жазады басылым Әзербайжанның бас прокуроры Кямран Әлиевтің сөзіне сілтеме жасап. 

Жақында еліміздің Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың экипажы мен диспетчерлер арасындағы өзара әңгіменің желіде пайда болған стенограммасына қатысты пікір білдірген еді.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. 

Бортта Әзербайжанның 42-і, Ресейдің 16-ы, Қазақстанның алты, Қырғызстан үш азаматы болған. 

Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Олардың үшеуі – экипаж мүшесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар