Қоғам
Ақтөбе облысында үш адам кепілге алынды: әйел жайында жаңа мәлімет шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
- 3.4k
40 жастағы әйел осы күнге дейін ата-анасы туралы білмеген
Ақтөбе облысында ата-анасының үйінде кепілге алынып, жарақат алған 40 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы уақытқа дейін ол оқиғаның қалай аяқталғанын білмеген. Оны ауруханадан туыстары алып кеткенін хабарлады.
"Науқас жалпы жағдайының және денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ұсыныспен үйіне шығарылды. Одан әрі бақылау тіркелген жеріндегі емханада жүргізіледі", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында 14 қаңтарға қараған түні 40 жастағы әйел анасы мен өгей әкесінің үйінде кепілге алынған болатын.
Келесі мақала