Министрлік Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің өсетінін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қаңтар, 2025
- 140
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек байланыс операторлары Қазақстанда тарифтерді жаңа жылдық мерекелерден кейін көтеруді бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, министрліктің тарифтерге тікелей ықпал ете алмайтынын атап өтті.
"Бұл нәрсе бойынша біз тек – операторлармен осы тарифтер жөнінде келіссөз жүргізе аламыз. Жаңа жылдың алдында халықтың көңіл-күйін түсірмес үшін тарифтер бағасының өспеуін сұрадық. Осылайша өсім болмайды деп келістік. Операторлар өз сөздерінде тұрды. Бірақ жаңа жылдан кейін олар тарифтерді көтеруді бастап кетті. Әрине, біз осы нарықтағы реттеуші ретінде байланыс операторларының бұл әрекетін ұнатпаймыз", – деді Асхат Оразбек.
Сондықтан министрлік монополияға қарсы қызметкерлермен бірлесе отырып, нарықтағы ықтимал келіспеушіліктерді анықтау үшін түрлі әрекет пен тергеулерді жүргізбек.
Астанаға -32 градустық аяз келе жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қалың қар: әуежайда бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қаңтар, 2025