“Бала сияқты алдау керек”: Гүлзира Айдарбекова әйелдерге күйеуді ұстаудың жолын үйретті
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қаңтар, 2025
- 380
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге кеңес айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, күйеуге ашуланбау керек. Оны бала құсатып алдап ұстау қажет екен.
“Жастыққа басымыз тиіп, 70 жасқа жеткен жоқпыз. 50 жастың үсті – орта жас. Алла өмір берсе, қартаюға біраз уақыт бар. Онсыз да бір-бірімізден апта сайын демаламыз. Менен шаршай қоймайды-ау. Жолдасыңыз ұйықтай берсін. Өзіңіз демала беріңіз. Онсыз да үйде біргесіздер. Ашумен ештеңе ретке келмейді. Оларды тек бала сияқты алдау керек. Мынаны жасап көруге болады: 500 рет тор көз дәптерге “Мен күйеуіммен демалып жүрмін. Бақыттымын. Ақшам көп деп” жаза беру керек. Күніне 20-30 рет жазу керек. Нәтижесін көп ұзамай көресіз, – деп жазды продюсер.
Бұдан бөлек Гүлзира Айдарбекова өзіне немерелерін сұраған оқырманға жауап берді.
“Былтыр Заңғар екеуміз балалардың бәрін Түркияға апарғанбыз. Кішкентай екеуі ғана қалды. Одан кейін өздері-ақ Катар мен Америка, Кореяға барып келді. Енді сабақтарын оқысын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.