Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сатира қылмыс емес!»: Темірлан Еңсебек түрмеден хат жазды

«Сатира қылмыс емес!»: Темірлан Еңсебек түрмеден хат жазды
Сурет: Инстаграм/ qaznews24
Полиция Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларының қатысы жоғын мәлімдеген болатын

Екі ай қамауға алынған сатиралық пабликтің авторы Темірлан Еңсебек түрмеден хат жазды. Ол өзінің қылмыскер емес екенін атап өткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Конституцияның өз құқығын қорғауын талап етті.

«Сатира қылмыс емес! Мен экстремист емеспін! Мен заңның 20-бабын жүзеге асырдым. Мен қылмыскер де емеспін! Конститутцияның менің құқығымды қорғауын талап етемін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қайда? Мен не үшін отырмын?! Құқықтық мемлекетте әзіл үшін абақтыға жаппайды!», - деп жазды ол. 

Айта кетсек, полиция Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларының қатысы жоғын мәлімдеген болатын. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздық қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материал жариялау болған.

QazNews24 сатиралық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздыру бойынша іс қозғалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар