Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

СҚО-да үй өртеніп, 16 жастағы жасөспірім отбасынан айырылды

СҚО-да үй өртеніп, 16 жастағы жасөспірім отбасынан айырылды
Сурет: forumhouse.ru
Ата-анасынан айырылған кәмелет жасқа толмаған студентке психологиялық көмек беріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан 16 жастағы жасөспірім бүкіл отбасынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Шал ақын ауданы, Ступинка ауылында орын алды.

"Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранған, соның салдарынан шатыр мен төбе құлаған. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың денелері табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр", - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

«Оқиға болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды. Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады", - деді СҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Отбасынан айырылған жасөспірімге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оған алдағы уақытта үй беру мәселесі қарастырылмақ.

"Кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болады", - деді әкімдікте.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар