Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«11 жастағы қызды зорлаған»: Павлодарда жаттықтырушы өмір бойына сотталды

«11 жастағы қызды зорлаған»: Павлодарда жаттықтырушы өмір бойына сотталды
Сурет: odesa.novyny.live
Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды. Ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот жабық есік жағдайында өтті. Бапкерге "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айып тағылған.

11 жастағы мектеп оқушысы зорлық-зомбылық құрбаны болып шықты. Аталмыш оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде орын алған.

"Сотталушы К алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ", – деді судья. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар