Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мен осыны айтудан ұялмаймын»: Елдос Колобок сүйінші жаңалығымен бөлісті

«Мен осыны айтудан ұялмаймын»: Елдос Колобок сүйінші жаңалығымен бөлісті
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді

Колобок атымен танымал Елдос Қадырханов ұзақ емнен кейін енді балалы бола алатынын айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Блогер 13 жылдан бері перзент сүйе алмай жүргенін сұхбатының бірінде айтқан болатын.

"Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді. Міне, басты жаңалығым осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлерге алғыс айтамыз. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді", - деді блогер. 

Елдос Колобоктың туған күні дүркіреп өтті. Оған өнердегі және блогерлікпен танылған жұлдыздардың көпшілігі келді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар