Қоғам
Біреуі мерт болды: Атырауда екі жұмысшы биіктен құлап кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
- 385

Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды
Атырауда тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы биіктен құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні болған. Жұмысшының біреуі сол жерде қайтыс болды.
Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп нақтылады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда жетімдер үйінде кәмелет жасқа толмаған қыз зорланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025
Қоғам
+43°С дейін көтеріледі: маусым айына арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025