Бейбіт Әлібековтің көлігімен трюк жасау кезінде көз жұмған жігіттің анасы кәсіпкерді де жауапқа тартуды талап етті
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
- 341
Кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің көлігімен контент түсіремін деп ажал құшқан Батырхан Ержанның анасы тергеудің ұзаққа созылғанына шағымданды. Әйелдің айтуынша, баласына көлігін берген кәсіпкер Бейбіт Әлібековті де жауапқа тарту керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары құзырлы органның оқиғаға қатыс ты қозғаған қылмыстық ісіне де көңілі толмайды. Олар өлімге әкелген жайтты абайсызда емес, қасақана жасалған қылмыс ретінде қарауды талап етіп отыр. Одан бөлек, жас жігітке қызыл темір тұлпарын берген Бейбіт Әлібековтің өзі де жауапкершілікке тартылсын дейді анасы.
Айта кетейік, 22 жастағы жігіт Батырхан Ержан былтыр 29 қазанда зымырап келе жатқан көліктің алдына шығып, жақындай берген сәтте үстінен секіріп өтуге тырысқан. Осылайша қауіпті трюк жасап, әлеуметтік желіде елді тәнті қылар видео түсіргісі келген көрінеді. Алайда кәсіпкер берген қызыл жүйрік жігітті соғып өтіп, жас блогер тірі қалуы мүмкін емес жарақат алды.
Марқұмның анасы оқиғадан бері 2 ай өткенін және істі тергеуге полицейлер әлі нақты шара қабылдамағанын айтады. Дәметкен Әубәкірованың айтуынша, көлік рөлінде болған жүргізушіні күдікті деп танығанмен оны қамауға да алмаған.
"Баламның өлімін қасақана жасалған қылмыс ретінде тергеуін талап етемін. Өйткені 45 жастағы ер адам қауіпті түсіне тұра жоғары жылдамдықпен жүрді. Тоқтаған жоқ. Осылайша алдында тұрған адамды қағып өтті. Бұл абайсызда жасалған әрекет деуге келмейді. Сосын баламның қауіпті іске баратынын түсінсе де, көлігін берген кәсіпкер Бейбіт Әлібеков те заң алдында жауап берсін!" – деді марқұмның анасы.
Жігіттің жақындарының айтуынша, рөлде болған жүргізуші де – кәсіпкердің шопыры. Бейбіт Әлібеков бұл сөзді жоққа шығармады.
"Басында ұзақ уақыт бойы көлікті беруден бас тартып жүрдім. Бірақ ол жігіт ізімнен қалмай, қайткен күнде де машинаны алудың амалын жасады. Соңында менің ұлым арқылы байланысқа шықты. Сөйтіп көлікті бердім. Алайда оның мұндай тым қауіпті әрекетке баратынын білмедім. Олар автодромда жүргенде қасында болмадым. Әрине, туыстарының наразылығын түсінемін. Оңай емес. Істің анығын тергеу шешеді", – деді кәсіпкер Бейбіт Әлібеков.
Ал Алматы облысы полициясы қазір оқиғаны әлі зерттеп жатыр. Іс әзірге абайсызда қазаға ұшырату фактісі бойынша тергеліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Әскерде жүріп мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралатын болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 қаңтар, 2025
Павлодарда мұғалім оқушының арқасын шегемен нұқыған (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 қаңтар, 2025