Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Молда түсінбей қалды»: Айжұлдыз Адайбекова маһрге не сұрағанын айтты

«Молда түсінбей қалды»: Айжұлдыз Адайбекова маһрге не сұрағанын айтты
Сурет: жеке парақшасынан
Мүмкін алтын алып беретін шығар

Белгілі актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет тұрмысқа шықты. Ол мәһрге не сұрағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол мешітте неке қиып жатқан сәтін жеке парақшасында бөлісті. 

“Маһрге 101 раушан гүлін сұрадым. Жеңіл болсын! Молда түсінбей қалды. Неге алтын, машина емес. Мүмкін алтын алып беретін шығар” деді молда”, – деп жазды Айжұлдыз. 

Айта кетсек, Айжұлдыз Адайбекова Қыран Талапбектен ажырасып кеткен болатын. Екеуіне ортақ Назар есімді ұлдары бар. Ұлы мен қазіргі сүйіктісі қалай тіл табысқанын айтып берген еді. 

“Назар мен Сәкен алғаш менің жобамда танысты. Назар сыртынан танитын. Бірден көрді де, “велосипед” деді. Сәкеннің велосипедпен саяхаттайтынын білетін. Жалпы айтарым, баласы бар қыздар екінші рет қадам жасаудан қорқады. Әркімнің өткен өмірі бар. Егер ол адам сенің өміріңді қозғайтын болса, ол сен үшін маңызы жоқ адам. Сондықтан, қадам жасаудан қорықпаңыздар!”, – деген еді блогер.  

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар