Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған Дикий Арманға сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған Дикий Арманға сот үкімі шықты
Сурет: arman__dikiy / Instagram
Сот жабық режимде өткізілді

Қаңтар оқиғасында ұсталған Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Сот отырысы мен үкім шығару жабық режимде өтті. БАҚ өкілдеріне сот залына онлайн режимде бақылау жасауға рұқсат берілді.

Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, 2022 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркадағы қару-жарақ, оқ-дәрілер, жүзді қарулар мен броньды көлік тәркіленді. Осы уақыт бойы Дикий Арман қамауда болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар