
Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін 12 донордың қаны құйылған әйелден бір айдан соң АИТВ-инфекциясы анықталған. Бұл туралы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жайт туралы бүгін Мәжілісте түсініктеме берді.
«Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Тиісті тергеу жүргізілуде. Біз ешкімді жауапқа тартпадық деп айта алмаймыз», - деді шенеунік.