Қоғам
«Өзгерту – харам»: Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты үкім айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қаңтар, 2025
- 262

Тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққанда күйеуінің тегіне өтуге тыйым салынғаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мүфтият әр адам өз әкесінің атымен аталуы тиіс екенін айтады.
“Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол. Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өтуі ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам”, – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.