Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ақша үшін талай рет ұрыстық»: Дархан Жолшыбековтің әйелі отбасындағы кикілжіңмен бөлісті

«Ақша үшін талай рет ұрыстық»: Дархан Жолшыбековтің әйелі отбасындағы кикілжіңмен бөлісті
Сурет: ашық дереккөздерден
Блогер бүкіл ақшаны отбасында әйелі ұстайтынын айтты

Белгілі блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі Дариға Нүкеева отбасындағы кикілжің туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ерлі-зайыптылар “Сыр” подкастында отбасында туындаған келіспеушіліктердің себебімен бөлісті.

“Дарханмен бірге өмір сүргеніме бақыттымын. Бізде бәрі бар. Бірақ кейде көңіл бөлмей қалады. Өмірде ақшадан да құнды дүниелер бар емес пе?! Отбасын екінші орынға қойып жүре береді. Бір күні мерзімі өткен дәріні көзіме тамызып, қатты ауырып қалдым. Дене қызуым көтеріліп, Дарханды шақырдым. Ол достарымен бірге бильярд ойнауға кеткен. “Дархан, көзім ауырып жатыр, келші" дедім. Бұл маған "сонда қазір барып, шайыңды беріп қасыңда отыруым керек пе?" деді де келмеді. Қатты ауырып тұрсам да, жағдайымды өзім жасадым. Ақша үшін талай рет ұрыстық. Жалпы, мен көп ұрыса бермеймін. Өзінен-өзі ашуланып кетеді", – деп ренішін айтты блогер келіншек. 

Блогер бар тапқанын әйеліне беретінін айтып, бірақ өзінен есеп сұрамағанын қалайтынын жеткізді.

“Бүкіл ақшаны Дари ұстайды. Өзім де кейде сұрап аламын. Бір күні 100 мың теңге үшін қатты ұрысып қалдық. Достарыммен қыдырып жүргенде 100 мың теңге керек болды. Дариға ақша салып жібер десем: “Не үшін?!” деді. Мен сол жерде қатты ашуландым. Достарымның көзінше беделім түскендей болды. Әйелі ешқашанда күйеуінен есеп сұрамауы керек. Менің пікірім осы”, – деді Дархан.  

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар