Қоғам
Астанада әйелімен ұрсысып қалған ер адам 12-қабаттан секірмек болған
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қаңтар, 2025
- 1.3k

Ер адам үй-ішімен жанжалдасқан соң осындай қауіпті қадамға барған
Астанада әйелімен ұрсысып қалған ер адам 12-қабаттағы пәтерінің терезесінен секірмек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жеткен инспектор Жандос Әлқожа мен Ғаламат Қиынбаев ер адамды құтқарып қалған.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, кешкі уақытта ер адамның суицид жасағалы жатқаны туралы шақыру түскен.
«Оқиға орнына жете сала инспекторлар ер адаммен келіссөз жүргізе бастады. Ақыры, келіссөз шарықтау шегіне жеткен кезде инспекторлар ерлік танытып, терезеге шығып алған ер адамды ішке тартып алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Ер адам үй-ішімен жанжалдасқан соң осындай қауіпті қадамға барған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Қоғам
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025