Әскерде жүріп мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралатын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қаңтар, 2025
- 4.2k

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Астанаға келетін болды. Оның Стамбулдағы емі аяқталған. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, ол Астанаға жолға шықты. Яғни Ербаянымыз 2-3 ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең, реабилитацияны бастайды. Астанада Ербаян нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Ол кісіге ерекше алғысымызды айтқымыз келеді», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, заңгер Ербаянның еміне көмектескен халыққа алғысын білдіріп, кеткен қаражат бойынша ата-анасы есеп беретінін жазды.
«Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезең еміне кеткен қаражат бойынша есеп беріп, осы аралықта төленген қаражаттың чектерін жариялайды. Осының барлығы Сіздердің арқаңызда екенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Ербаянның емі ұзақ екенін, шыдам мен табандылықты қажет ететінін ескеріп, оған тек қуат пен жігер тілейміз. Ал бүгінше, бәріміз елге, Отанына ұшып келе жатқан Ербаянға ақ жол тілеп қояйықшы, деді ол.