Қоғам
Болат Назарбаевтың көмекшісі Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобына үкім шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қаңтар, 2025
- 550
Сот Елдос Қоспаевты 15 жылға бас бостандығынан айырды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
11 адам сотталушыға қатысты сот мынадай шешім шығарды:
Елдос Қоспаевтың мүлкі (пәтерлері, жер учаскелері, қоғамдық-іскерлік мекемелері) тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айдос Қоспаев 12 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.
Руслан Шалиннің де мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, 10 жыл мерзімге алкоголь өнімдерді сату құқығынан айырылып, 12 жылға сотталды.