Қазақстаннан шетелге жарты жыл бойы картоп шығарылмайтын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қаңтар, 2025
- 262
Жарты жыл бойы шетелге елімізден картоп шығарылмайтын болды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың экспортты тыюға қатысты бұйрығы бүгін күшіне енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Сыртқы сұраныстың артуынан картопты шаруалар биыл экспорттаған тиімді деп шешкен. Пайдасы да көп. Соның кесірінен жыл басталмай жатып-ақ елдегі дүкендерде оның құны шарықтап шыға келді. Шенеуніктер шектеу қоюдан басқа амал қалмады деп отыр. Тыйымға ілікпеген Ресей мен Беларусьта өзінде картоп жеткілікті. Керсінше, Қазақстаның батыс өңіріне осы елдерден жеткізіледі. Экспортқа қатысты шектеудің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге қатысы жоқ. Қазір тұрақтандыру қорындағы көкөністі шығарып, аймақтарда мониторинг топ құрғанмен, картоп құны арзандамай тұр. Тек солтүстік және орталық өңірлерде ғана бағасы арзанырақ. Қызылжар мен Кереку жақта картоп 270 теңге тұрса, оңтүстіктегі Жамбыл облысында 375 теңге, батыстағы Ақтөбе мен Ақтау қалаларында 400 теңгеден асады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрімен жаңа піскен немесе салқындатылған картоп шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.