Мәжілісмен ішкі істер министріне жолдаған депутаттық сауалында әйелдердің қылмысы зорлық-зомбылыққа қатысты болмаса және олар қоғамға қауіпсіз екені расталса, амнистия жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Депутат бүгінде 2336 әйел бас бостандығынан айырылғанын, олардың жартысы - аналар, оның ішінде 250-і - көпбалалы ана екенін алға тартты.
1500-ден аса бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтіп жүр. 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес: бұл - ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы ана жылыуынан айырылған сәбилер, - деді депутат.
Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін мынадай шарттар ұсынды:
- зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер;
- жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер;
- көпбалалы әйелдер;
- алғаш сотталған әйелдер;
- жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдер.
Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс жасап, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмайды. Бұл мәселеде халықаралық тәжірибе жеткілікті. Мәселен, Қырғызстанда әйелдерге 1996 жылдан бері 3 рет амнистия жасалған. Өзбекстанда2013 жылы амнистия жасалып, әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды. Ресей Президенті 2023 жылы әйелдергеамнистия жасау туралы идеяны қолдады. АҚШ-тың кейбір штаттарында әртүрлі қылмыс жасап сотталған әйелдерге бір неше ретамнистия жасалды, - деді ол.