Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Литр үшін 210 теңге»: Сәтқалиев бензин бағасына қатысты түсініктеме берді

«Литр үшін 210 теңге»: Сәтқалиев бензин бағасына қатысты түсініктеме берді
Сурет: gov.kz
Басылымдарда бензин бағасы литріне 400 теңгеге дейін көтеріледі деген ақпараттар айтылды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде АИ-92 бензинінің бағасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство ең жоғары баға ретінде литр үшін 210 теңге болады деп отыр.

Жанармай құю стансалары бағаны күрт көтерген жағдайда, тиісті мәселені антимонополиялық агенттік қарайтын болады.

"Біз айтарлықтай өзгерістер болады деп ойламаймыз. Басылымдарда бензин бағасы литріне 400 теңгеге дейін көтеріледі деген ақпараттар айтылды. Біз бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Күрт көтерілуге жол бермейміз", – деді Энергетика министрі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар