Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.
60-65 жас шамасындағы ер кісі Молдағұлова көшесінде салынып жатқан ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан. Сол кезде кірпіш құлаған. Азамат оқиға орнында көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 15:03-те түскен.
БҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"29 қаңтар күні салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің жанында құрылыс жұмыстары кезінде биіктен кірпіш құлап, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адамға тиген. Жарақаттың ауырлығынан ол оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі мен балалар контентінің маңыздылығы
- авторkyn.kz
- 12 наурыз, 2026
Қоғам
Балаларға арналған контент - болашақ ұрпақ санасын қалыптастыратын маңызды құрал
- авторkyn.kz
- 12 наурыз, 2026




