Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты
Сурет: Түркістан облыстық балалар ауруханасы
Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Бала шұғыл түрде Түркістан каласынан Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Ота кезінде дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Асқазаннан шыққан шаштың салмағы бір келіге жуық. Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылған.

Бір аптаға жуық ауруханада ем алған қыз баланың жағдайы жақсарып, қазір үйіне шығарылған.

Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған.

«Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті. Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауын ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі», – деді Облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар