«Қалың қар, аралас жаңбыр, көктайғақ»: елімізде күн күрт бұзылады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қаңтар, 2025
- 496
Алдағы екі күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Солтүстік, Шығыс және Орталықта қалың қар түссе, Оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ әлекке салғалы тұр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Келе жатқан жаңа циклон солтүстік шығыс пен орталық өңірлерге аяз әкеле жатыр. Қатты желі де бар. Бұл аймақтарда температура күндіз 20, түнде минус 30- ға дейін төмендеуі мүмкін. Синоптиктер қарлы боран болады деп те болжап отыр.
Алматы облысы мен Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа әкеледі. Бұған осы өңірлерде соғатын қатты жел себеп. Сондықтан алдығы күн райында төтеншеліктер алыс жолға шығарда сақ болуы ескертеді. Мұндай күн райы алдағы екі күнде осылай құбылмақ. Тек еліміздің батыс облыстарында ғана тыныш.