АҚШ Қазақстанның 369 азаматын депортациялайды. Бұл туралы иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) 2024 жылғы қарашадағы есебінде көрсетілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Fox News порталына сілтеме жасап.
Жалпы барлығы 1 445 549 шетелдікті депортациялау жоспарланған. Мексика (252 044), Гватемала (253 413), Гондурас (261 651), Сальвадор (203 822) мемлекеттерінің азаматтары алдыңғы қатарда тұр.
Бұдан бөлек, Қытай (37 908) мен Орталық Азия елдерінің өкілдері де кездеседі. Өзбекстан (975), Қырғызстан (319), Тәжікстан (149), Түрікменстан (40) бар.
Бұл мемлекеттің адамдары қазіргі кезде қамауда емес, бірақ оларға қатысты шешім шығарылған.
Осы уақытқа дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынған болатын. Көші-қон саясатын қатаңдату туралы Қазақстан елшілігі де ескертті.