Қоғам
Мешіттің алдында құранды өртеген: швециялық өлі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 қаңтар, 2025
- 71
Салван Момикке қатысты қылмыстық іс қозғалған еді
Швецияда тікелей эфир кезінде Құранды өртеген адамды атып кетті. Бұл туралы Aftonbladet басылымы жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, кісі өлтіру кезінде Салван Момика TikTok желісінде тікелей эфирде хабар таратқан. Оның денесі өткен түні Стокгольм маңындағы үйінен табылды. Сот бүгін оған араздық тудырды деген айыппен үкім шығаруы керек еді.
Бұған дейін Момика Құранды көпшілік алдында бірнеше рет өртеп жіберген, бұл дүние жүзіндегі мұсылмандардың наразылығын тудырған болатын. Ирак оны өлтірген адамға екі миллион доллар сыйақы ұсынған еді.
Швеция полициясы кісі өлтірді деген күдікпен бес адамды тұтқындағаны хабарланды.