Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда оқушының арқасына бұранда тығып алған мұғалім қызметін жалғастыратын болды

Павлодарда оқушының арқасына бұранда тығып алған мұғалім қызметін жалғастыратын болды
Сурет: видеодан скриншот
Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды

Павлодарда оқушының арқасына бұранда тығып алған мұғалім жұмысын қайта жалғастыратын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысы білім басқармасы мәлімдеді. 

“Білім бөлімі жүргізген қосымша бағалау негізінде, Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мамандары мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға береді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілетінін Білім басқармасы хабарлады.

“Тексеру нәтижелері бойынша ықтимал тәртіптік жазаларды қолдану немесе бұрынғы еңбек қатынастарын сақтау туралы түпкілікті шешім қабылданады. Оқытушы тергеу аяқталғанша өз міндетін атқара береді”, – деді білім басқармасындағылар.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар