«Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған»: Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:12
- 51
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі бұл оқиғаның өзіне қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Боксшының әйелі, блогер Клара Иса оқырмандарының сұрақтарына жауап берген. Одан “Ажырасып кетпей, қалай шыдадыңыз?” деген сұрақ қойған.
“Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Ол қыздың ойдан шығарылған қиялы үшін емес, елдің жазған хаттары ауыр тиді. Кім екенін көріп, өмір салтын түсінгесін көңілім орнына түсті. Жала жауып отырған ер-азаматы жалғыз Жанқош емес екен. Ондай еркектер көп екен, ол қыз арыз жазып жүрген. Алла сана берсін дейміз. Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен сабақ болды. Екеуміздің бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сол үшін тек жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз”, – деп жазды Клара Иса.
Ұқсас жаңалықтар
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейін сыйға берілген көліктерді сатып жіберген
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024