Қызылордада 16 жасар қыз секс-құлдықта болған: «қызметіне» жүгінген 217 ер адам жазаланбайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:27
- 41
Қызылордада 16 жасар қыздың сексуалды құлдықта болған атышулы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, 5 қыркүйекте енген «Адам саудасына қарсы тұру туралы» заңына сәйкес кәмелетке толмаған қыздың «қызметін сатып алған» 217 ер адамды жауапқа тартуға болар еді. Бірақ бұл оқиға 5 тамызда анықталған. 6 тамызда шағым түскен. Сол себептен бұл адамдар жауапқа тартылмайды екен.
«Оларды шақырды, кейбіреулерін жұмыс орнынан тапты, жариялады, кейбіреулерін жұмыстан шығарды, кейбіреулерін жазалады. Олардың ойынша, бұл қылмыстың себебі олардың құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділік емес, бұл — қыздың өзіне қатысты. Олар мектептерде, әкімшілікте, мемлекеттік мекемелерде, ауруханаларда жұмыс істейді», – деп жазды Таңсәрі.
Айта кетсек, 16 жасар мектеп оқушысын сыныптастары сегіз ай бойы жезөкшелікке мәжбүрлеген.