"Оқушы ұлдың ұятты жерін ұстаған": Алмас Кішкенбаев жайлы полиция жаңа ақпарат берді
- автор kyn.kz
- 31 қаңтар, 2025
- 1
Кеше тәртіп сақшыларына ер адамнан арыз түскен. Оның сөзінше, кәмелетке толмаған ұлы арасында курьер болып жұмыс істеп, ақша тауып жүрген.
2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген. Артынша түсініксіз нәрселер бола бастаған.
17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыс беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, дейді Михаил Козачков телеграм арнасында.
Оқиғаның мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білді.
Әкесінің кәмелетке толмаған ұлына жабысқаны туралы бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді, – дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Журналистер қоңырау шалғанымен, әншінің ұялы телефоны өшіп жатты.