Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Екі рет зорлаған”: Президенттікке кандидат болған экс-депутатты қызы сотта жеңіп шықты

“Екі рет зорлаған”: Президенттікке кандидат болған экс-депутатты қызы сотта жеңіп шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды

Астаналық Айбота Рақымбекова  экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбековті сотта жеңіп шықты. Өгей әкесі қызына жала жауып, ар-намысына тиетін сөздер жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айбота Рақымбекованың айтуынша, бала кезінде әкесі оны екі рет зорлаған. Экс-депутат анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Осыдан кейін ол сәбиімен бірге дағдарыс орталығына орналасқан.

Экс-депутат өгей қызын есірткіге тәуелді, патологиялық өтірікші деп мәлімдеген болатын. 22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды.

Еске салайық, бұған дейін астаналық Айбота Рақымбекованы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлағаны туралы ақпарат таратқан едік.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар