“Қайдағы біреу”: Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты дауға пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:33
- 1.1k
Әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты тарап кеткен ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті бөлімшеге К есімді азаматтың жеткізілгенін мәлімдеген болатын. Алайда әнші бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтты.
“Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?”, - деді әнші.
Еске салсақ, әнші Алмас Кішкенбаевтың курьер болып жұмыс істейтін жасөспірімге тиіскені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Үйіне барғанда бірге ішуге ұсыныс жасаған. Сол кезде ер адам жасөспірімнің интимдік жерінен ұстап алған.