Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“96 келіден 75 келіге”: Алтынай Жорабаева артық салмақтан қалай арылғанын айтты

“96 келіден 75 келіге”: Алтынай Жорабаева артық салмақтан қалай арылғанын айтты
Сурет: ашық дереккөз
Алтынай Жорабаева декретте отырғанда салмақ қосып алған

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева 96 келіден 75 келіге дейін қалай салмақ тастағаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, декретте отырып артық салмақ қосып алған.

“Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары салмақ тастаған әншінің сырт-келбетіне таңданды. 

Соңғы уақытта Алтынай Жорабаева сахнадан көрінбей кетті. Себебін түсіндірген ол алда жоспарлары барын айтты.

“Алтынай-ау әнді қойдың ба? Неге сахнаға шықпайсың?” деген сұрақтарға жауабым: Әнді, сахнаны қойған жоқпын. Алла қаласа, алда талай жоспарлар бар. Алтынайдың екінші демі ашылды”, – деді эстрада жұлдызы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар