Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Пышақ тақаған»: Түркияда оқитын қазақстандық жігітті 7 түрік азаматы ұрып, тонап кеткен (видео)

«Пышақ тақаған»: Түркияда оқитын қазақстандық жігітті 7 түрік азаматы ұрып, тонап кеткен (видео)
Сурет: видеодан скриншот
Анасы көпшіліктен көмек сұрап, көзіне жас алды

Түркияда оқитын қазақстандық студентті 7 түрік жігіті жабылып ұрып, құжаты мен телефонын алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде жігіттің анасы Қарақат Байтұрғанова айтып, қазақстандық елшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Түркияның Сакария қаласында медицина мамандығында оқитын баласын Стамбулда бірнеше түрік пышақ тақап, қорқытқан. Баласы бір-екі күнде демалысын пайдаланып, Қазақстанға оралу керек болған.

"Өтініш осы видеомды жан-жаққа таратыңыздаршы. Балам Түркиядағы Сакария қаласында дәрігер мамандығында оқиды. 1 ақпанда біздің сағатпен санағанда таңғы 04:00-де олар баламды аяусыз ұрып-соғып, құжатын, ақшасын және телефонын алып кеткен. Ұлым полицияларды көріп, көмек сұраған. Бірақ олар "шаршадық, жүгіре алмаймыз" деп айтқан. Пышақ тақаған кезде де тәртіп сақшылары еш шара қолданбапты. Енді балам полицияға барып арыз жазса, шағымды қабылдамай қойған. Қазақ елі көмектесіңіздерші. Біздің елдегі түріктер осы емін-еркін жүреді ғой. Неліктен біздің құқығымыз қорғалмайды. Балам алыс жолдан келеді деп күтіп отырған анамын. Екі күнде 1 айлық демалысын пайдаланып, Алматыға ұшуы керек еді. Енді балам ұшайын десе құжаты жоқ. Келе алмай отыр. Қашан біздің құқығымызды қорғайды?. Ол Түркияда осы жақта жақсы дәрігер болу .шін білім алып жатыр", – деді Қарақат Байтұрғанова.

Кейін елшіліктің көмек бергені белгілі болды. Бұл хабарды сыртқы істер министрлігі растады.

"Қазақ бауырларым, Бас елшіліктің басшысы Нұриддин Аманқұл және директоры Шыңғысқа көп рахмет айтамын. Әлі де хабарласып, жағдайы реттеп береміз деп айтып жатыр. Тағы бір азамат баламның барлық құжатын жасап беруге көмектесемін деді. Осы ретте Түркиядағы барлық қазақ бауырларына алғысым шексіз", – деді Қарақат Байтұрғанова. 

@karakat_19890 #правительства#правительствоказахстана #токаев ♬ оригинальный звук - Каракат Байтурганова

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар