Алмас Кішкенбаевтың соты белгісіз себеппен кейінге қалдырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 ақпан, 2025
- 26
Белгілі әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық соты сот өткенін, бірақ іс қаралмағанын мәлімдеді.
"Сот отырысы өтті, бірақ іс қаралмай, басқа уақытқа шегерілді. Сот жабық өткендіктен, отырыстың неліктен кейінге шегерілгенін білмейміз", – делінген сот хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Алкогольді апарған курьерге сыраны бірге ішуді ұсынған. Сол уақытта ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстаған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.