«Кассирді ұзақ күткен»: Шымбұлақта шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 ақпан, 2025
- 26
Шымбұлақта шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төбелеске шаңғы тебуге керек жабдықтарды киген адамдар да қатысқан. Аталмыш оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған.
Шаңғы курорты әкімшілігі бір топ шетелдік мас болып, сол жердегі адамдардың мазасын алғанын мәлімдейді. Кейіннен шаңғы мектебі қызметкерлерімен жанжалдасқан. Мәліметтерге сүйенсек, шетелдіктердің біріне қолы босамай тұрған кассирді ұзақ күткені ұнамай қалған. Сөйтіп қызметкермен сөзге келіп қалған. Қызметкерлер полиция шақырыпты.
«Тәртіп бұзғандарды тәртіп сақшылары алып кетті. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды», деп хабарлады Шымбұлақ әкімшілігі.