Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстау балабақшасында балалар уланып қалды

Маңғыстау балабақшасында балалар уланып қалды
Сурет: rg.ru
Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жартылай растаған

Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілері жаппай уланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңаөзенде мектепке дейінгі мекеменің 100 баласы тамақтан уланғанын хабарлаған. Кейбірі ауруханаға жүгінген.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жартылай растаған.

«Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне 31.01.2025 ж. сағат 20:13-те іші ауырғанын айтып, тұрғындар хабарласқан. Барлығын жедел жәрдем бригадасы тексерді. Тексерілген 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазір балабақша жабылып, уәкілетті органдар мән-жайын тексеріп жатыр, - деп хабарлады басқарма.  

Айта кетсек, 7-13 қыркүйек аралығында Мұнайлы ауданының Бесшоқы тұрғын алабында орналасқан №8 жалпы білім беретін мектепте оқушылар уланған. 460 бала зардап шеккен. Кейінірек мектеп асханасының қызметкерлерінде стафилококк анықталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар