Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш басында тұр
- автор kyn.kz
- 4 ақпан, 2025
- 94

Тәжікстанда орташа жалақы 242,8 доллар. Бұл біздің елмен салыстырғанда 3,4 есе төмен. Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері де көш бастады. Бұл көрсеткіш өткен жылы 85 мың теңге, яғни 181,1 долларды құраған. Орталық Азияның басқа елдерінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен: Өзбекстанда - 89,4 доллар, Тәжікстанда - 54,9 доллар, Қырғызстанда - 28,3 доллар.
Түркіменстандағы ресми номиналды жалақы туралы жаңа деректер жок, мемлекеттік статистика комитетінің сайтында мұндай ақпарат соңғы рет 2023 жылы жарияланған. Түркіменстандағы ең төменгі жалақы ұлттық банкі ұсынған доллардың ресми бағамы бойынша жоғары болып көрінуі мүмкін. Бұл 1410 манат немесе 402,9 доллар. Дегенмен, бұл ақпарат екіұшты.
Елдің ұлттық банкі 1 АҚШ доллары 3,5 түркімен манатына тең деп есептейді. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше манатты мұндай бағаммен айырбастау іс жүзінде мүмкін емес, ал елдегі барлық валютаны сатып алу-сату операциялары "қара" бағам бойынша (1 доллар 19манат) жүргізіледі. Бұл көрсеткіш бойынша елдегі ең төменгі жалақы 2024 жылы 74,2 доллар болған.
Орталық Азияның төрт елінде ен жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру саласында байқалады. Сонымен қатар елдер арасындағы көрсеткіштер айырмашылығы да бар: Қазакстанда каржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінің жалақысы 1,7 мың доллардан асады, бұл Тәжікстанмен салыстырғанда (561,9 АҚШ доллары) үш есеге жоғары. Қазақстанда қаржы саласы мен тау-кен өндірісі ең жоғары жалақы төлейтін салалар. Ал Тәжікстанда қаржы секторындағы қызметкерлерден бөлек, өңдеу өнеркәсібі мен сервис салаларының жұмысшылары да ең жоғары табыстарымен ерекшеленеді. Өзбекстанда қаржы және IT салаларында жоғары (1 мың доллардан астам) жалақылар төленеді. Ұқсас үрдіс Қырғызстанда да байқалады.