“Қайда? Қашан? “ деген сұрақтарға қандай сөз табы жауап береді?
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2025
- 122

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Зат есім - заттың, құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Сын есім — заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: қандай? қай?
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Қанша? неше? нешінші? нешеу?
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.
Етістік — заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Не істейді? не қылды? қайтті?
Үстеу -заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы. Қайда? қашан? қайдан? қанша? Деген сұрақтарға жауап береді.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: арқылы, үшін, кейде, әлде және т.б
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. еліктеуіш сөздер: сатыр-сұтыр, тарс-тұрс, сыбдыр-сыбдыр, гүрс, зірк; бейнелеуіш сөздер: жалп-жалп, елпең,морт, арбаң-арбаң, маң-маң.
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Оларға уҺ, аҺ, ей, жә, тәйт, шөк, кә - кә, ауқау - ауқау және т.б сөздер жатады.