Мәдениет
“Жыныстық көзқарасы туралы естігенмін”: Жан Ахмадиев Кішкенбаев туралы шындықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 ақпан, 2025
- 5.1k

Ол 17 жастағы жасөспірімді ересек жігіт деп ойлап қалған шығар
Жасөспірімге тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаев туралы Жан Ахмадиев өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алмас Кішкенбаев “Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынған болатын.
Жан Ахмадиев Алмастың дәстүрлі емес жыныстық көзқарасы туралы естігенін айтады.
“Алмас есі дұрыс, жақсы жігіт. Бірақ оның жыныстық көзқарасы туралы естігенімді ескерсек, мүмкін ол 17 жастағы жасөспірімді ересек жігіт деп ойлап қалған шығар. Қазір 17 жастағылар өз жасынан үлкен көрінеді. Қандай жағдай болса да, мұнысы – оңбағандық. Әртіс әр кез өз тыңдармандарының назарында. Бұл әрекеті дұрыс емес”, – дейді Жан Ахмадиев Astanatv.kz арнасына.