Денсаулық
Дәрігер адам 2 апта нан жемесе ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтты
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2025
- 2.0k

Ең алдымен адамның энергиясы көбейіп, ой еңбегі мен физикалық қозғалысқа құлшынысы артады.
Дәрігер көпшілікке 2 апта нан өнімінен бас тартып, өз ағзаңызға жақсылық жасаңыз деген ұсыныс айтты. Сөзінше бұ қарапайым көрінгенімен, нансоғарлар үшін өте ауыр сынақ. Ал өзгеріске өте алғандар тек пайдасын көреді,-деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Алдымен адамның ішек жүйесіндегі желдену процессі тап тыйылады. Өйткені ұн өнімі ішекте ауаны ұзақ ұстап, күнде тұтынған сайын желденуді арттырады. Екінші ағзада қант азайып энергияңыз артады. Үшіншіден, ағзаңыз нан өнімінсіз өмір сүруді үйренеді. Төртінші, ағзада қант азайғандықтан адамның көңіл - күйі көтеріңкі жүреді. Бесіншіден, адамдар өздері байқамаған түрде ішек жолдары тазарып, адамның терісі жылтырап, жасара түседі",-дейді дәрігер.