Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қармен жүріп, өзеннің суын кешкен": ШҚО-да интернаттан балаларға қатысты мәлімет пайда болды

"Қармен жүріп, өзеннің суын кешкен": ШҚО-да интернаттан балаларға қатысты мәлімет пайда болды
Сурет: видеодан скриншот
қазір тексеру жұмыстары әлі жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектеп-интернаттан қашқан жасөспірімдер көмек сұрап видео жариялаған. Оқиғаға қатысты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ШҚО білім басқармасы мамандарының айтуынша, күтпеген жағдай болған. Мұндай қашып кету белгілері жасөспірімдерде болмағанын айтты.

«Мектептің ашылғанына 10 жыл болды, мұндай оқиға өткен жылы ғана болды, өйткені қазір қашып кеткендер бұрын мұндай әрекетке бармаған болатын.

Айтуынша, балалар кешке ұйықтар кезде қашып кеткен. Олар өрт қауіпсіздігінің есігін бұзған. Кезекші мұғалім жасөспірімдердің жоқ екенін тез байқап, мектеп-интернат басшылығына, полиция мен ата-аналарға хабарлаған. Осыдан кейін бірден жасөспірімдерді іздеу басталды.

Олар үш сағаттан кейін мектептің жанынан табылған. Қармен жүріп, өзеннің суын кешіп өткеннен аяқтары тоңып қалған.

«Олардың жағдайы жақсы. Екеуі денсаулықтарына байланысты ауруханада қалды», - дейді Динара Атантаева.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Оксана Қаленова оқиғаның себебіне қарамастан кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылды деп есептейді.

«Егер жасөспірімдер жай ғана еркін болу үшін қашып кетсе, бірақ өздеріне қауіп төніп, үсік шалса, бұл мектеп олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағанын білдіреді», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазір әлі де тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тәрбиешілердің тарапынан ешқандай қатыгездік байқалмаған.

Сарапшылар девиантты мінез-құлықты балаларға арналған жабық мекемелер әрқашан белгілі бір қауіптермен байланысты екенін атап өтеді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар