Мәдениет
«Ешқашан көмек сұрамағанмын»: Ерке Есмахан тұңғыш ұлына алимент алмайтыны туралы жазды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 ақпан, 2025
- 152

Әншіге оқырманының бірі алимент туралы сауал жолдаған
Әнші Ерке Есмахан үлкен ұлы Мүслімнің әкесінен ешуақытта алимент алмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram-да парақшасында бөлісті. Әншіге оқырманының бірі «Алиментке 35 мың алатыныңыз рас па?» деген сұрақ қойған. Айтуынша, тұңғыш баласына алимент алып көрмеген.
«Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын, алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады деп, Алла жар болсын деп, өзім жұмыс істеп өсірдім. Нағашылары бақты, қақты. Шүкір. Отау құрған соң күйеуім бірден қасымызға алды Муслимді. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тараптан ойға батсам, көзіме қуаныштың жасы келеді. Аллаға сансыз шүкір», — деп жауап берді әнші.